A+ A A-

talgatzhan 17 Бүгін, 11:00 0

Жыл басынан бері Mansap Kompasy цифрлық платформасында 22,5 мың оқушы тестілеуден өтті

Бүгін / Республика

Былтырдан бастап Mansap Kompasy цифрлық платформасында білім беру және кәсіби траекторияны таңдауға бағытталған кәсіби диагностика және мансаптық бағдарлау құралы енгізілген болатын. 2026 жылдың басынан бері платформаны одан әрі дамыту және ауқымын кеңейту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Осы уақыт ішінде тестілеуден 22,5 мың білім алушы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бапасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр осындай тестті 7-11 сыныптардағы 116,5 мың оқушы тапсырған.

Платформаның функционалы халықаралық бағалау әдістемелері негізінде пайдаланушының кәсіби бағыттарға деген бейімділігі мен қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Тестілеу нәтижелері бойынша жүйе автоматты түрде мамандық таңдауға қатысты жеке ұсынымдар қалыптастырып, сондай-ақ білім алу мүмкіндіктері мен қажетті дағдыларды дамыту жолдары туралы ақпарат ұсынады.

Платформа бастапқы диагностика жүргізуді қамтамасыз етіп қана қоймай, мамандықтар және еңбек нарығы туралы өзекті мәліметтермен танысуға жол ашады.

Өңірлік үйлестірушілер мен кәсіби бағдар беруші педагогтерді де оқыту жүргізілді, пайдаланушыларды сүйемелдеу тетіктері жолға қойылды, сондай-ақ өңірлер мен білім беру ұйымдары бөлінісінде нәтижелерді шолу және талдау құралдары енгізілді.

2026 жылы платформаның функционалын одан әрі кеңейту, нысаналы топтарды, оның ішінде халықтың әртүрлі санаттарын қамтуды арттыру, сондай-ақ білім беру бағдарламалары және еңбек нарығы деректерімен интеграцияны күшейту жоспарланып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив