A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:35 0

Өскемендегі онкология орталығында Ашық есік күні өтеді

Бүгін / Өскемен

25 сәуір сағат 09:00-13:00 аралығында ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Онкологтардың тегін қабылдауы барысында жатыр мойны және колоректалды қатерлі ісігі, бүйрек аурулары бойынша кеңес беріледі. Сондай-ақ мамандар онкологиялық аурулардың алдын алу, ерте белгілері және емдеу әдістері туралы сұрақтарға жауап береді.
Қабылдауға алдын ала жазылу қажет емес. Қатысу үшін жеке куәлік және бұрынғы тексеру нәтижелері (УДЗ, КТ, МРТ қорытындылары, медициналық анықтамалар) керек. 
Мекенжайы: Өскемен, Потанин көшесі 6, 1-қабат. 
Анықтама телефондары: +7 (7232) 20-89-97, +7 771 944 48 08.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив