A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 16:45 0

«AMANAT» кадр даярлауды жаңа деңгейге көтеруде

Бүгін / Республика

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, партия Төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен бейнебайланыс форматында маңызды жиын өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиын барысында партияның кадрлық әлеуетін күшейтуге бағытталған жаңа оқыту бағдарламасының басталғаны ресми түрде жарияланды. Аталған бастама партия кадрларының, соның ішінде жергілікті атқарушы органдар, мәслихаттар, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің және қоғамдық-саяси әрі экономикалық қызметке қатысатын өзге де тұлғалардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.
Жиынға Шемонаиха ауданы Зевакино ауылдық округінің әкімі Марина Боровикова, Өскемен қалалық мәслихатындағы партия депутаттық фракциясының жетекшісі Сергей Коротин, қалалық мәслихат депутаты Алла Лоскутова  қатысты.
Бағдарлама мазмұны кешенді түрде әзірленген. Ол көшбасшылық, өңірлік даму, салық салу, бюджеттеу, коммуникациялар және саяси процестер секілді негізгі бағыттарды қамтиды. Оқыту процесі қатысушыларға басқарушылық шешімдерді сапалы қабылдауға, қоғам сенімін нығайтуға және өңірлердің орнықты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, партия Төрағасы Ерлан Қошанов бағдарламаның маңызына ерекше тоқталдЫ.
- Біздің басты мақсатымыз – заманауи талаптарға сай, кәсіби әрі жауапты кадрлар корпусын қалыптастыру. Қоғаммен тиімді диалог орната алатын, нақты нәтижеге жұмыс істейтін басқарушыларды даярлау – партия жұмысының басым бағыттарының бірі. Бұл бағдарлама сол міндетті жүзеге асыруға тың серпін береді, – деді ол.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – жергілікті атқарушы және өкілді органдар басшыларының, өзге де нысаналы топтардың басқарушылық, стратегиялық және коммуникациялық құзыреттерін дамыту арқылы өңірлердің тиімді дамуына ықпал ету. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және халықпен сенімді қарым-қатынасты нығайту көзделген.
Күтілетін нәтижелерге сәйкес бағдарлама түлектері жеке көшбасшылық профилін қалыптастырып, өңірлерді стратегиялық дамытуға арналған нақты жоспарлар әзірлей алады. Сонымен қатар бюджеттеу құралдарын тиімді қолданып, қоғаммен ашық әрі нәтижелі диалог жүргізе алатын кәсіби маман ретінде қалыптасады.
Аталған бастама «AMANAT» партиясының кадрлық резервін сапалы жаңа деңгейге көтеріп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды қадам болмақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив