Сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде ұйымдастырылатын антитеррорлық оқу-жаттығу барысында күштік құрылымдардың терроризмдік сипаттағы жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мәселелері қарастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осыған байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
— Қала тұрғындары мен қонақтарынан түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және жұмылдырылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз, - делінген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабының ақпаратында.
Пікірлер