Қарбалас жұмыс Күршім-Қалжыр-Бурабай-Маралды тасжолында жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«ОблШығысЖол» ЖШС мәліметінше, қазір аталған тасжолдың 28-33 шақырымдық Сайлыбай учаскесі жөнделуде.
Қауырт жұмысқа 15 маман мен арнайы жол техникасы жұмылдырылған. Нақтырақ айтқанда, жұмысқа екі экскаватор, бір тиегіш, жеті самосвал және бір ГАЗ-66 жүк көлігі қолданылады. Барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Бүгінде жол бетін қалпына келтіру және тегістеу жұмыстары қызған. Негізгі кезеңдер аяқталғаннан кейін жол бетінің сапасы мен беріктігін арттыру үшін қосымша жұмыстар жүргізілетін болады.
Пікірлер