A+ A A-

talgatzhan 55 31-10-2024, 14:20 0

Өскеменде қар тазалауға арналған 97 техника дайын тұр

Бүгін / Өскемен

Қыс мезгілі қарсаңында облыс орталығының тазалығына жауап беретін бас коммуналдық кәсіпорын техника, жанар-жағармайды дайындау барысында, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

«Таза Өскемен» мекемесі басшылығының сөзінше, қар тазалау үшін 97 арнайы техника бар, оның ішінде 34 трактор, 10 жүк түсіретін және15 аралас жол машинасы бар. 
- Барлық техника сынақтан өтті. Қаланың шеткі аумағын тазарту мен төтенше жағдайда қосымша құрал-жабдық беру туралы мердігерлермен келісімдер жасалды. Жұмыс киімдері сатып алынды. Қызметкерлер де дайын. Диспетчер, механик пен бригадирлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды, - деді компания өкілдері.
Сондай-ақ биыл кәсіпорының 12 техникасы есептен шығарылды. Ал жаңа техника сатып алу мәселесі әзірге талқыланып жатыр.

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив