A+ A A-

talgatzhan 39 1-11-2024, 10:01 0

Өскеменде бүгіннен бастап көкөніс өнімдері арзан бағада сатылады

Бүгін / Өскемен

1 қарашадан бастап облыс орталығындағы тұрақтандыру қоры павильондарында көкөніс өнімдерін бекітілген бағамен сату басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Картоп, қырыққабат пен сәбіз бағасының келісі 115 теңге, ал пияз бағасы 120 теңге болмақ. Оған қоса тұрақтандыру қоры нүктелерінде тұрғындар қант пен сары майды да әлеуметтік бағамен сатып ала алады.
- «OРЦ Altai» ЖШС-да 9 мың тонна көкөніс өнімдері дайын тұр. Оның ішінде, 5500 тонна картоп, 1350 тонна қырыққабат, 1300 тонна сәбіз, 900 тонна пияз бар. Кәсіпкерлер өтінішіне сәйкес азық-түлік күн сайын жеткізілуде, - деп хабарлады «Ертіс» ӘКК баспасөз қызметіндегілер. 
Айта кетейік, қазіргі таңда Өскеменде тұрақтандыру қорының 24 павильоны жұмыс істеп тұр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив