Абай облысының полицейлері патрульдік қызметте дрон құралдарын пайдалана бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, дрон қаладағы жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ департаменттің баспасөз қызметідегілер дронның Өскемен-Семей тас жолында да қолданылатынын атап өтті.
Айта кетейік, ШҚО-да Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахмановские ключи республикалық тас жолының қиын учаскелерін патрульдеу кезінде ұшқышсыз ұшақты пайдаланады.
Пікірлер