ТЖМ мәліметінше, өрт аумағы 102 шаршы метрді құраған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Өскемендегі Целинная көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының аумағында ыдыстағы дизель отыны мен пайдаланылған май жанып кетті.
- Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, жалынның таралуына жол бермеу шаралары қабылданды. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар қауіпті аймақтан 4 оттегі және 2 газ баллонын шығарып, жарылыс қаупінің алдын алды, – делінген хабарламада.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Пікірлер