Бүгін Парламент Мәжілісінде жоғары білімді кадрларды даярлау тақырыбына арналған Үкімет сағатында Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева еңбек нарығындағы кемшілікті атады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
— Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жоғары білім беру жүйесінің алдында бірқатар өзекті мәселе бар. Біріншіден, еңбек нарығының қажеттіліктерін ұзақ мерзімді болжаудың жоқтығы. Университет түлектерінің әрбір үшіншісі өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Еңбек нарығындағы сұраныс мемлекеттік білім беру тапсырысы түзетілгеннен әлдеқайда жылдам өзгеріп жатыр, бұл бір мамандықтар бойынша артық даярлауға, ал басқалары бойынша тапшылыққа әкеледі, — деді Дания Еспаева Парламент Мәжілісінде.
Осы орайда ол жоғары білім беру жүйесі еңбек нарығының трансформациясына ілесе алмай отырғанын, ал түлектердің құзыреттері жұмыс берушілердің қазіргі талаптарына сәйкес келмей жатқанын айтты.
Пікірлер