23 сәуірде Бас Прокурор Берік Асылов Американдық сауда палатасының (AmCham) Қазақстандағы директоры Джефф Эрлихті, Consolidated Contractors Company халықаралық компаниясының және шетелдік қатысуы бар «Комек Машинери Казахстан» ЖШС-ның өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесу барысында инвесторлардың құқықтарын қорғау және ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Инвесторлар Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті қабылдап жатқан шаралардың практикалық тиімділігін атап өтіп, көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді.
Пікірлер