«Қазгидромет» РМК мамандары 2-3 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыста сенбі күні +2+7 °C , оңтүстігінде +10 °C жылы болады. Жексенбі түнде сынап бағанасы 0+5 °C, шығысында -3 °C градусқа дейін барады. Солтүстік пен шығыс аумақтарға тұман түседі. Ал күндіз ауа температурасы +5+10, оңтүстігінде +13 °C-ті көрсетеді.
Синоптиктердің айтуынша, Өскеменде де тұрақты ауа райы сақталады. Сенбі күні ауа температурасы +5+7 °C-қа дейін барады. Көшпелі бұлт шығады. Ал жексенбі түнде сынап бағанасы +2+4 °C, +6+8 °C көрсетеді. Жауын-шашын болмайды.
Пікірлер