1 қарашадан бастап Осинов асуы мен Риддер бағытындағы тасжол бойында тіркемелі және жартылай тіркемелері бар жүк көліктерінің қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«ҚАЖ сервис» ЖШС өкілдерінің айтуларынша, тіркемелі мен жартылай тіркемелері бар көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қыс біткенше түнгі уақытта қойылады.
Осылайша сағат 19:00-ден 06:00-ге дейін «Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолында (44-66 км, Осинов асуы) және сағат 20:00-ден 6:00-ге дейін «Өскемен-Риддер-РФ» шекарасы (94-104 км, Бутаково ауылы-Риддер) тасжолында шектеу қойылды.
Пікірлер