A+ A A-

talgatzhan 62 4-11-2024, 12:01 0

Өскемендіктер көлік жүргізіп үйренетін орын таппай, Семейге сабылып жүр

Бүгін / Өскемен

Қаладағы автомектептердің курсанттары практикалық емтиханға жазыла алмай жүргендерін жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Көлік жүргізіп үйрену үшін порталға тіркелу мүмкін емес, себебі жабық тұр. Қашан ашылатыны беймәлім. Ал жүргізуші куәлігі шұғыл керек тұрғындардың кейбірі Семейге барып жүр.
«Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалындағылардың ақпаратынша, Өскеменде қараша айында өтетін емтиханға бөлінген орындардың барлығы толып тұр. Ал желтоқсан айына тіркеу келесі аптада басталады.
Айта кетейік, жаңа ХҚКО аумағында бюджет қаражаты есебінен диспетчер пункті бар автоматтандырылған автодром (курсанттар павильоны) құрылысы аяқталды. Оны іске қосу үшін практикалық емтиханды тапсыруға арналған жабдықты орнату қажет. Автодромның іске қосылу күні әлі белгісіз. Мамандар, павильон ашылса, курсанттарға көлік жүргізу тәжірибесінен өту оңай әрі ыңғайлы болатынын айтып жатты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив