A+ A A-

talgatzhan 53 4-11-2024, 12:14 0

Өскеменде бойжеткен суицид жасады

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласы прокуратурасының мәліметінше, 17 жастағы студент өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қадағалау органы марқұмның толық емес отбасында өскенін мәлімдеді. Қыздың суицидке баруына жауапсыз махаббат себеп деген болжам бар. Сондай-ақ ол хат жазып қалдырған екен. 
Ал прокуратура өкілдері қайғылы оқиғаның нақты қай күні болғанын айтудан бас тартты.
- Кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің көбеюі алаңдатып отыр. Биыл осындай 22 оқиға тіркелді. Оның себебі де әртүрлі: отбасындағы жанжал, оқудағы қиындықтар, достармен қарым-қатынас. Оның үстіне мұндай әрекетке жасөспірімдер көбіне манипулация жасау мақсатында барады, - деді ведомстводағылар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив