Қазір облыс жолдарын қыс мезгіліне дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірде қыста жауған қары уақтылы тазаланбайтын 256 шақырым жол бар. Төтенше жағдайда көлік жүргізушілер де қалып жатады.
- Қиын жағдайға душар болғандарға көмек көрсету үшін Ұлан ауданында бір автожол медициналық құтқару пункті бар. Биыл негізгі бағыттар бойынша он жылыту пункті жұмыс істемек. Меморандумға сай жол бойындағы 15 дәмхана да дәл осындай қызметті атқаратын болады, - деді ШҚО ТЖД ТЖ жою бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ернар Жәлелов.
Фотосурет: gov.kz
Пікірлер