453.87 508.33 5.65
A+ A A-

Өскеменде әйел адам колонияға жалған құжатпен кірген

Өскеменде әйел адам колонияға жалған құжатпен кірген [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Одан жалған неке куәлігі тәркіленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандармен ұзақ уақыт кездесу тек жұбайлары немесе жақын туыстарына рұқсат етіледі.
- 33 жастағы әйел түрмеге кіру үшін неке куәлігін көрсеткен. Алайда қызметкерлер оның жалған екенін байқаған. Кездесуге келуші түсініктеме беруден бас тартты, - деді ШҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігі (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив