Синоптиктердің айтуынша, алдағы қыста қалың қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Желтоқсан-қаңтар аралығында жауын-шашын нормадан жоғары болады деп болжануда.
Күздің соңғы айында да нөсер көлемі артады. Қарашаның бірінші онкүндігінде ауа температурасы нөлден жоғары болады. Декаданың соңында қар жауады деп күтілуде.
- Қарашаның екінші жартысынан бастап қыстың лебі сезіледі. Жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан жоғары болмақ. Қараша мен желтоқсан айларында ауа температурасы қалыпты, ал қаңтар-ақпан аралығыда нормадан жоғары болады. Сондықтан биылғы қыс жылы, ал жауын-шашын көп болады деп күтілуде, - деді «Қазгидромет» ШҚО филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Любовь Бухтоярова.
Сондай-ақ синоптиктер қыста қатты аяз болуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Алайда ол ұзаққа созылмауы ықтимал.
Пікірлер