A+ A A-

talgatzhan 37 4-11-2024, 14:59 0

ШҚО-да көктайғақ салдарынан жол-көлік оқиғалары жиіледі

Бүгін / ШҚО

«Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының Өмеш асуы аумағында тәулік ішінде бірнеше жол апаты тіркелуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Басты себептердің бірі сол, жүргізушілер көлікті басқара алмай, жыраға түсіп кетіп жатыр. Оған қоса, тасжолдың кей аумағында қар жауып, көліктердің қысқы дөңгелектер салмауы да ықпал етіп отыр. 
- Күніне шамамен үш жол-көлік оқиғасы тіркеледі. Жүргізуші жолды дұрыс көре алмай, көктайғақ салдарынан жол жиегінен шығып кетіп жатады. Зардап шеккендер бойынша статистика жеке жүргізілуде. Қазір жолдағы бақылау күшейтілді. Негізгі жеті бағыт пен екі стационарлық бекетте тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылды, - деді ШҚО жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Архат Қасайынов. 
Айта кетейік, жүргізушілерге қала сыртына шықпастан бұрын көлік қозғалысының жағдайын тексерген жөн. Ол үшін төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:
«ОблШығысЖол» ЖШС тәулік бойы жұмыс істейтін телефоны (облыстық жолдар): 87057980599, 872325792524.
«ҚАЖсервис» ЖШС (республикалық маңызы бар жолдар): 87775358908, 87232262682.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив