Биылғы қыркүйек айының соңында елдегі мейрамханалар мен қонақүйлердің қызмет бағасы 9,3%-ға артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның ішінде қонақүй қызметінің құны 6,1%-ға, қоғамдық тамақтандыру қызметі 9,3%-ға қымбаттаған. Ал асхана қызметі 9,4%-ға, мейрамханалар мен дәмханалар қызметі 7,7%-ға өсті.
Аймақтар бойынша бағаның күрт өсуі Қарағанды облысы(16,3%-ға), Алматы (13,9%-ға), Солтүстік Қазақстан (12,1%-ға), Түркістан (11,7%-ға) және Қызылордада (11,5%-ға) байқалды. Ал Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 10,8 пайызды құрады. Ақының ең аз жылдық өсімі Павлодар (1,8%-ға), Ақтөбе (2%-ға) және Алматы (3%-ға) облыстарында тіркелген.
Пікірлер