Тоқты
Кейде қоғам кейін кетіп бара жатқандай көрінуі мүмкін. Ойлаған нәрселеріңіз де іске аспай, ұзақ уақыт тұңғиық ойға батасыз. Не себепті бұлай болып жатқанына реніш білдіргенше, алдыңызға жаңа мақсаттар қойып, соған ұмтылыңыз.
Торпақ
Жеке өмір мәселесі шешімін табуға жақын. Көптен бері сезіміңізді жасырып жүрген жанға бар шындықты жайып салыңыз. Ал жұмыстағы жағдай сіз ойлағаннан гөрі күрделі: тапсырма көп, шаруа шаш етектен.
Егіздер
Біршама өзгеріс болғалы тұр. Барлығы сізге қарсы болып жүрген сияқты. Шынтуайтында олай емес, тек болған жайттарды өзіңіз оңаша қалып бағамдаңыз. Кейбір Егіздерге қазір суық тиіп, ескі сырқаттары сыр берулері мүмкін.
Шаян
Жағымсыз жайттардың бірі отбасыңызда болуы ғажап емес. Жұмыстан кеш қайтып, рауан таңда ерте кетуіңіз осыған себепші. Дұрысы, демалыс күндері жанұяңызбен серуендеп, бой жазып қайтыңыз.
Арыстан
Иықты кеңге салып, демалатын уақыт ендң келгендей. Күзгі қарбаластар тыншып, тек күнделікті күйбеңмен ғана жүресіз. Орайлы сәт туындап тұрғанда ақ халаттыларға жүгініп қайтқаныңыз жөн. Кейін қол тимеуі мүмкін.
Бикеш
Қараша айының 16-ы сіз үшін ерекше күн болмақ. Сол күні үйде болғаныңыз жөн. Аяқ асты көптен бері көріспеген туысқандарыңыз қоңырау шалып, соңы тамаша басқосумен тәмамдалуы мүмкін.
Таразы
Шаруа мен түйткілдер легі толастайтын емес. Бастысы барлығына уақтылы үлгересіз. Күш-қуатыңыз кемуі мүмкін. Не болса да өзіңізге деген сенімділікті жоғалтпай, тапсырмаларды жік-жігімен бөліп қойғаныңыз дұрыс.
Сарышаян
Адам көп жиналатын орында бар назар сізге ауатынын есте ұстаңыз. Себебі қараша айының 15-17 күндері күтпеген жерден құттықтаулар естіп, сыйлықтар аласыз. Барлығына жылы шырай танытыңыз.
Мерген
Осы аптада ең сенімді адамдарыңыздың бірі алдап-соғып, өтірік айтуын жиілетуі мүмкін. Асығыс шешім қабылдамаңыз. Болмашы нәрселерге алаңдаймын деп денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін.
Тауешкі
Қазір басыңызға қандай оңай келсе де сіз үшін оңтайлы болғалы тұр. Сондықтан қалам мен парағыңызды дайындап жүріңіз. Соңғы уақытта бала-шағаңыз әралуан жетістікке жетулерін жиілетеді. Бұл қуанышын ұзаққа созылады.
Суқұйғыш
Еңбекқорлығыңыз бен досқа адалдығыңыз түрлі мәселені біржақты етуге негіз болады. Қараша айының 15-і күні ерекше кездесу болмақ. Соған әзір болыңыз, бәлкім, жаңа жұмысыңыз жайлы сөз болады.
Балықтар
Отбасылық бюджетке көз жүгіртіңіз: соңғы уақытта тапқан-таянғандарыңыз жылдам жұмсалып кетуде. Көзқарастырыңыздың сәйкеспеуінен жұбайыңызбен ұрыс-керіс шығуы кәдік. Айып ер-азаматтан болса, бірінші кешірім сұраудың еш әбестігі жоқ.
Пікірлер