A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 11:10 0

ШҚО-да 29 мың жұмыс орны құрылды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов облыс мәслихаты сессиясының кезекті отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2021-2024 жылдар аралығында жалпы өңірлік өнім 5 трлн теңгеге дейін артты. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1,7 есеге, инвестициялар - 1,6 есеге, құрылыс жұмыстары - 1,9 есеге, ауыл шаруашылығы - 14%-ға өсті.

- 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс дамудың оң серпінін сақтап қалды. Өсім инвестициялар, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үй салу, жұмыспен қамту және жалақы бойынша қамтамасыз етілген. Дегенмен өнеркәсіп саласында төмендеу байқалды. Бұл «Қазмырыш» ЖШС-ның өндірістік көрсеткіштерінің азаюымен байланысты, - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов. 

Сондай-ақ экономикаға 838 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның төрттен үш бөлігі (73,5%-ы) жеке секторға тиесілі. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1,7 млрд АҚШ долларын құрады. 

- Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 102%-ға жетті (554,6 млрд. теңге). 407 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, құрылыс жұмыстарының көлемі - 109,3%-ды құрады (458,8 млрд теңге). Облыста 29 мың жұмыс орны құрылып, орташа айлық жалақы 417,8 мың теңгеге жетті. Аталған көрсеткіштер аймақтың серпінді дамуын, өмір сүру деңгейінің өсуін және халық үшін мүмкіндіктердің кеңеюін айғақтайды. Облыстың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары аяқталғаннан кейін 2026-2030 жылдарға арналған жаңа жоспарды іске асыру басталды, - деді Нұрымбет Сақтағанов. 

Фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив