A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 10:30 0

25 - 31 мамыр аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамал

Тоқты
Бұл жолы «бұйыртқаны болар» деген тәмсілді былай қойып, ішкі түйсігіңізге иек артыңыз. Біреуді ұнатқан Тоқтылар үшін бірқатар қақпаның есігі айқара ашылмақ. Жақындарыңыз басқосуға шақырса, қалмауға тырысыңыз.
Торпақ
Алақаныңызға ақша тиіп, көп жұмысты біржақты етесіз. Тер төгіп тапқан қаражатыңызға көрінген затты ала салмай, орнымен жұмсауға дағдыланыңыз. Бастысы, жауапкершілігі жоқ адамдарға қарызға ақша бермеңіз.
Егіздер
Көп дүниеге мән берудің қажеті жоқ. Әсіресе түрлі өзгерістерді елемеуге тырысыңыз. Сол өзгерістер сізге қатысты болса, көпшілік кеңесіне сенбей өз бетіңізше шешім қабылдаңыз. 
Шаян
Қайда жүрсеңіз де өзіңізді жинақы ұстаңыз. Себебі соңғы уақыттары ұсақ-түйек мәселе деген жайттар біршама бас қатырады. Еңбекқор Шаяндар небір ауыр жұмыстардың шетін шығарса, нәзік жандылары үшін махаббат кемесіне мінуге қолайлы уақыт.
Арыстан
Жақын адамдарыңызбен ақылдасып барып күрделі тапсырмалар орындағаныңыз жөн. Әлдеқандай жобаға ақша құйғыңыз келсе қабырғаңызбен кеңесуді ұмытпаңыз. Кез келген өзгеріс өміріңізді өзгертіп жіберуі мүмкін.
Бикеш
Егер дәл қазір бір жобаны қолға алғыңыз келсе жеңілінен бастаңыз. Тым күрделісін маусым айының екінші жартысына қалдырыңыз. Жұмыста қыспаққа ұшыруыңыз ғажап емес. Мұндайда мінез көрсетуден еш қорықпаңыз.
Таразы
Басшылық қиын тапсырма беруі мүмкін, сондықтан тапсырманы орындауда мүлт кетпеңіз. Қолыңыз бос болғанда саяжайға барып, жұмыс істегеннен гөрі тынығып алғаныңыз жөн. Дәрумендер тұтынып, әл-қуат жинағаныңыз әлдеқайда пайдалы болмақ.
Сарышаян
Кіммен сөйлессеңіз де тұрсаңыз да әдептен озбаңыз. Томаға тұйықтықтың шырмауынан шығу үшін қоршаған ортаңызда жиі ой алмасып, ақыл тоқтатқан азаматтардың кеңесіне құлақ түріңіз. Жұма күні күтпеген қоңырау түсуі мүмкін.
Мерген
Біреуге шын ғашық болып көрдіңіз бе? Егер мұндай сезімді бұрын-соңды бастан өткермеген болсаңыз музей, театр сияқты рухани ортаға атізін салыңыз. Бәлкім, шын сүйгеніңіз сол жақта болар.
Тауешкі
Өзіңіз көптен күтіп жүрген мүмкіндікті назардан тыс қалдырмас үшін әркез қырағы жүруге тиіссіз. Демалыс күндері көтеріңкі көңіл-күйде болып, дос-жарандарыңызбен бөлісудің сәті түседі. Мейілінше, таза ауада көп серуендеңіз.
Суқұйғыш
Қандай істі қолға алсаңыз да біреу-міреу аяғыңыздан шалуды мақсат етеді. Қазіргі қоғамда болып жатқан кез келген тосын өзгеріске әзір болып, бойыңызға біткен жинақылық қасиеттен танбаңыз. 
Балықтар
Жұмыста бар мүмкіндігіңізді көрсететін сәт туады. Қолға алып, бүге-шігесіне дейін зерттеген жобаңыз сәтті шығып, басшылық тарапынан оң бағасын аласыз. Бір жеңіске жетіп жатсаңыз, келесі жолы дәл сондай тағы бір сынақ күтіп тұратынын ұмытпаңыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив