Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ж.Ж. Дүйсембиевтің тапсырмасына сәйкес, салауатты өмір салтын ұстану және ұжымдық рухты нығайту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері облыстық деңгейде өткен мемлекеттік қызметшілер арасындағы дәстүрлі спартакиадада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ұйымшыл ұжым ретінде нағыз командалық рухты танытты. Бұл көрсеткіштер — республикалық кезеңге жол ашатын маңызды нәтижелердің бірі.
Атап айтқанда, футбол жарысында департамент құрамасы тартысты ойындар нәтижесінде I орынды жеңіп алды. Бұл — ұжымымыздың ұйымшылдығы мен дайындық деңгейінің айғағы. Команда құрамында ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы С.С. Бимағамбетов те ойын көрсетіп, әріптестерімен бірге жеңіске үлес қосты.
Футбол құрамасы:
Бимағамбетов С.С., Жаманбаев Б.К., Маратбаев Р.С., Сафин Р.К., Кемешев С.Н., Баиркенов Д.К., Демесов И.С., Мукуев Е.К., Мамиев А.С., Мухаметжанов С.К.
Бұдан бөлек, басқа спорт түрлерінен де келесі нәтижелерге қол жеткіздік:
• Үстел теннисі — І орын
• Арқан тарту — ІІІ орын.
Садақ ату сайысына да белсене қатысып, өзімізді жаңа қырынан сынадық. Бұл біз үшін жаңа бағыт, келесі жылы жоғары нәтиже көрсетуге ниеттіміз.
Бұл спартакиада – тек спорттық жарыс қана емес, ұжым ішіндегі ауызбіршілік пен серіктестікті арттыратын маңызды алаң. Осындай шаралар қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ұйымшылдықты нығайта түседі.
Барша қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!
Пікірлер