A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 09:15 0

8 - 14 желтоқсан аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты
Апта басында күн айрықша арайланып атады. Игіліктің бастамашысы іспетті. Жаңа жыл келгелі саналуан жобалар санаңызда сағым беріп, жұмыс барысында осыны басшылықпен бөлісуге асығасыз.
Торпақ
Жұлдыздар Торпақтардың көпшілік пікіріне мән бермейтінін білсе де, ұдайы сақ жүруге кеңес береді. Әріптестеріңіздің бірі жеткен жетістіктеріңізге қызғана қарап, іштарлық танытулары ғажап емес.
Егіздер
Досқа адалдығыңыз өз биігінен түскен емес. Демалыс күндері көптен араласпай жүрген адамыңыз қоңырау шалуы мүмкін. Ал туыс-туғандарыңыз өтініш білдірсе, сөздерін жерге тастамауға тырысыңыз.
Шаян
Жұлдыздар сізді қашан да қолдайды. Алайда айналаңыздағы кей адамдар аяғыңыздан шалып, сүрінуіңізге тілекші. Мұндайда ең жиі қолданылатын әдіс – ешкімнің пікірін елемей, тек алға басу.
Арыстан
Қандай да бір ережелер мен шектеулерді суқаныңыз сүймейді. Басшылық әлеуетіңіздің әріде жатқанын біліп, сізді ұдайы қолдап жүреді. Денсаулықтары сыр беріп жүрген Арыстандарға таза ауада көбірек жүрген абзал.
Бикеш
Үнемі қиындықпен күрескенді ұнатасыз. Таныстарыңызға қолұшын беруге ұмтылып, өмірге өзіндік миссиямен келгендей боласыз. Демалыс күндері көптен бері сезіміңізді білдіре алмай жүрген жанға жан-дүниеңізді ақтарасыз.
Таразы
Көпшілік сізді әлі күнге дейін қым-қуыт тірлікке бейімделіп үлгермеді деп топшылайды. Дегенмен сіз кез келген бақталысыңызды жолынан ығыстырып, күрделі мәселелерді оп-оңай шешесіз.
Сарышаян
Тәртіпке келгенде темірдей екеніңізді басшылық та жақсы біледі. Апта соңында алыс сапарларға жіберіп қалулары мүмкін. Күтпеген жерден қаржылық қиындықтар туындаса салыңыз суға кетпесін: тез арада реттеледі.
Мерген
Мергендер үшін апта көңілді әрі жағымды жаңалықтарға толы болады. Іскер адамдармен емін-еркін сөйлесіп, тілін таба білуіңіз жұмыс орныңызға да біршама пайдасын әкеледі. Жолға шыққанда абай болыңыз.
Тауешкі
Өзіңізге сенбейтін адамдармен осы бастан ат құйрығын кесіскеніңіз жөн. Бір жұмыспен шектелмей, тағы бір табыс көзін табуыңыз қаржылық жағдайыңызды біршама жақсартады. Ескі сырқатыңыз мазаласа бірден дәрігерге қаралыңыз.
Суқұйғыш
Қарбаласқа толы жұмыстан соң бір сәт демалуды қалайсыз. Мұндайда өмірлік серігіңізбен табиғат аясына шығып, бой жазып қайтқаныңыз ләзім. Демалыс күндері әдеби кітаптар оқуға ыңғайлы.
Балықтар
Балықтар көп нәрсеге күдікпен қарайды. Жұлдыздар осы әрекетіңізді үнемі қолдап, бір пікірге ғана сеніп қалмауға шақырады. Жұмыстағы белсенділігіңізді ескеріп, басшылық сыйақы жазып беруі ғажап емес.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив