Бүгінде ауданда демалушыларға арналған 6 туристік орын бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жыл басынан бері туристер саны 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,5%-ға өсіп, 4900-ге жетті.
– Биыл аудан әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ аймақтық филиалының Үлкен Нарын ауылы кіреберісінде жол бойындағы сервис ашудағы оң тәжірибесін атап өткен жөн. Ал келесі жылы Приморск ауылында және ауданның кіру нүктелерінде жағажай аймағын дамыту жоспарлануда. 2026 жылдың 1 тамызына дейін аудан әкіміне ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ШҚО Туризм басқармаларымен бірлесіп, Бұқтырма су қоймасы жағалауының бас жоспарын әзірлеп, цифрландырып, туристік демалыс орталықтарын салуға жер учаскелерін бөлуді тапсырамын, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер