11–13 желтоқсан аралығында өңір аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы қолға алынды, , деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полицейлер жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын сақтауын, жылдамдық режимін, жүргізушінің сау күйде екенін, қауіпсіздік белдіктері мен балаларға арналған ұстау құрылғыларын пайдалануын күшейтілген тәртіпте қадағалайды.
Полиция жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеруді, қауіпсіз қашықты сақтауды және көліктің техникалық жағдайына назар аударуды еске салады.
Жол жүрісі қағидаларын сақтау жол-көлік оқиғаларын азайтып, қысқы жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі.
Пікірлер