A+ A A-

talgatzhan 24 Бүгін, 09:50 0

Worldskills Kazakhstan - 2025: ШҚО командасы үздік ондыққа енді

Бүгін / ШҚО

Кеше Астанада WorldSkills Kazakhstan – 2025 X Республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған тартысты сайыстардың нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының қоржынында 2 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль және 10 “Үздік маман” медальоны бар. Чемпионат қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы республика бойынша үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

1 орын
Мобильді робототехника (командалық) - Иванин Константин мен Дмитриев Артём, Өскемен жоғары политехникалық колледжі;

2 орын
Мехатроника (командалық) - Скрипников Ярослав пен Энгель Александр, Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
Өнеркәсіптік автоматика - Луковкенко Кирилл, Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
Ақпараттық қауіпсіздік (командалық) - Благодетелев Даниил мен Литвинов Ярослав, Өскемен экономика және техника колледжі;
Наубайхана ісі - Рахым Айдар, Өскемен көпсалалы технология колледжі.

3 орын
CAD-инженерлік графика - Сапаров Рамиз, Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
Шаштараз ісі - Вилижина Вероника, Өскемен сервис және технология колледжі.

“Үздік маман” медальондары
Сантехника және жылыту - Александров Александр, Өскемен құрылыс-техникалық колледжі;
Дәнекерлеу технологиясы - Конкин Николай, Өскемен құрылыс-техникалық колледжі;
Құрғақ құрылыс қоспалары және сылақ жұмыстары - Қабылқайыров Қуат, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжі;
3D компьютерлік ойындарын модельдеу - Секишев Али, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжі;
Электромонтаж жұмыстары - Белялев Андрей, Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
Мобильді қосымшаларды әзірлеу - Ерболұлы Нұрбол, Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру - Ширяев Александр, Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
Аспаздық ісі - Бакшинскас Сергей, Өскемен көпсалалы технология колледжі;
Ветеринария - Лазаренко Елизавета, Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі;
Жеңіл автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету - Дамолданов Эльнар, Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив