A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:40 0

ШҚО-да ер адам 15 жыл жеке куәліксіз жүрген

Бүгін / ШҚО

Саратов ауылдық округінде тұрғынның құжаты қалпына келтірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Инспектор Әсет Ескендіров жергілікті тұрғынның 15 жыл бойы жеке куәліксіз жүргенін анықтаған. Ер адамның айтуынша, 2010 жылы құжатын жоғалтып алып, содан бері қайта жасатпаған екен.

Әсет Мұхтарұлы оған қажетті мәліметтерді жинауға көмектесіп, Қасым Қайсенов кентіне бірге барып, барлық қағазды толтырысып, Халыққа қызмет көрсету орталығына ертіп барды.

Тәртіп сақшысы алғашқы өтініш беруден бастап толық нәтижеге дейін көмек қолын созды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив