10 сәуірде өткен салтанатты ашылу рәсімінен кейін басталған мемлекеттік қызметшілер арасындағы дәстүрлі спартакиада сәтті аяқталды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері бұл жарыстарда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, нағыз командалық рух пен ұйымшылдықты танытты.
Спартакиада аясында волейбол, шахмат, жүзу, тоғызқұмалақ, футбол, үстел теннисі, арқан тарту және садақ ату сынды спорт түрлері бойынша жарыстар өтті. Біздің департамент келесі нәтижелерге қол жеткізді:
• Шахмат – I орын
• Жүзу – I орын
• Тоғызқұмалақ – I орын
• Волейбол – II орын
• Футбол – I орын (Команда құрамында департамент басшысы С.С. Бимағамбетов ойын көрсетіп, әріптестерімен бірге жеңіске үлес қосты)
• Үстел теннисі – I орын
• Арқан тарту – III орын
• Садақ ату – белсенді қатысу, келесі жылға жоғары мақсаттар қойылды.
Бұл нәтижелер– қызметкерлеріміздің тек кәсіби салада ғана емес, сонымен қатар спорт пен қоғамдық өмірде де белсенді екенін дәлелдейді. Спартакиада ұжымдағы ауызбіршілік пен серіктестікті нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етті. Жеткен жетістіктеріміз – алдағы республикалық кезеңге сенімді қадам жасап, департамент абыройын асқақтатар берік негіз болары сөзсіз.
Пікірлер