Мұндай шешім сынап бағанасы -30 градустан төмендеп кетуіне байланысты қабылданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, 11 желтоқсанда ауа температурасының -28-тен -30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты мектептердегі 1-ші және 2-ші ауысымдағы 0-4 сыныптар қашықтықтан оқытуға ауыстырылады: Алтай қаласындағы мектептер, «Тұрғысын орта мектебі» КММ, «Чапаев орта мектебі» КММ, «Путинцево орта мектебі» КММ, «Соловьев орта мектебі» КММ, «Зубовск орта мектебі» КММ, «Быково негізгі мектебі» КММ, «Новокрестьянка бастауыш мектебі» КММ, «Подорленок бастауыш мектебі» КММ, «Крестовка бастауыш мектебі» КММ, «Михаил Харин атындағы бастауыш мектебі» КММ.
-34 градусқа дейін 0-11 сыныптар қашықтықтан оқытуға ауыстырылады: «Михаил Бикетов атындағы орта мектебі» КММ.
Күршім ауданындағы Үшбұлақ орта мектебінің 1-4 сынып оқушылары да қашықтан оқиды.
Самар ауданы бойынша ауа температурасының -31 С-қа төмендеуіне байланысты “Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені” КММ, “Мектеп-бөбекжай-балабақша кешені” КММ сағат 9:00-ден, «Жанажол шағын жинақтық бастауыш мектебі” КММ сағат 10:00-ден оқиды.
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер