A+ A A-

talgatzhan 43 17-12-2024, 12:23 0

Күршім ауданында отшашуды заңсыз сатқан тұлғалар жауапкершілікке тартылады

Күршім

Күршім ауданының аумағында жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы дәстүрлі "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Іс-шара барысында талаптарға сәйкес келмейтін пиротехникалық бұйымдарды әкелу, сақтау және өткізу фактілерін анықтап және сертификатталмаған өнімді жеткізушілер мен сатушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.
- "Пиротехника" жедел алдын алу іс-шарасыкезіндеполицейлер күн сайын базарлар мен сауда орындарын тексеретін болады.Заңсыз айналымфактілері анықталған жағдайда тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - делінген аудандық полиция бөлімі берген мәліметте.
Күршім аудандық полиция бөлімі отшашуды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен бөлісті.
-балалардың отшашуды өздігінен жағуына, ұшыруына тыйым салынады;
- қауіпті аймақ радиусында (50 метр) пиротехниканыкедергісіз іске қосуғаболатындығына көз жеткізіңіз;
-отшашудан мейлінше алыс тұрыңыз, іске қосу кезінде пиротехникаға еңкеймеңіз;
- отшашуды жағар кезде бір қолдың ұзындығындай арақашықтық болуы керек;
-пиротехниканықатты желде іске қоспаңыз;
-отшашу жанбай қалса, оныешқашан қайта іске қосуға тырыспаңыз;
- зымырандар мен отшашуларды адамға, жануарларға және жанғыш материалдар мен заттарға бағыттамаңыз;
- тұрғын үй мен отшашуды тұтататын жердің арақашықтығы кемінде 50 метр болуы керек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив