A+ A A-

talgatzhan 38 15-01-2025, 16:07 0

Алматыдағы қонақүйлердің бірі өскемендіктен сот арқылы тұру ақысын өндіріп алды

Өскемен / Қылмыс / Бүгін

Айыпталушы сот барысында қонақүйде тұрмағанын және аталған уақытта Өскемен қаласында болғанын алға тартты, деп хабарлайды Buqara.kz сайытының тілшісі.

- Өткен жылдың шілде айында "Booking" жүйесі арқылы Германия азаматы Өскемен қаласының тұрғыны үшін нөмір алуға өтінім жіберді. Қонақүй төлемі де шетелдік азаматтың картасынан жүргізілді, - деді сотта қонақүй өкілдері.
Айыпталушы 429 300 теңгеге төлем жасап, қонақүйде 30-тамыздан 8-шілдеге дейін тұрған. 
- Қонақ үй өз міндеттемелерін орындады, бірақ 2024 жылдың 14-қазанында банк картасының иесі алаяқтық транзакция туралы қаржылық шағымға сілтеме жасай отырып, бұл соманы мекеменің шотынан қайтарып алды, - деп хабарланды сотта.
Айыпталушы қонақүйде тұрғанын жоққа шығарып, аталған кезеңде «Өскеменде болғанмын» деп сендірді. Алайда, оның қонақүй мекемесінде екендігі туралы дәлелдер ұсынылған кезде, ол соманы төлеуге келісті, бірақ жалпы соманы бөліп төлейтін болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив