A+ A A-

talgatzhan 69 18-01-2025, 14:30 0

Өскемендегі Шығыс кентінің халқы қала әкіміне қандай мәселелерді көтерді?

Өскемен / Басты

Бүгін Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Шығыс кенті, Прудхоз, Ново-Явленка және 28 шағын аудан тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайты. 

Әкім болып тағайындалғанына 1 айдан асқан Алмат Ақышов қала іргесіндегі кенттер, ауылдар мен шағын аудандарға жиі барып жүр. Бұл жолы ол Шығыс кентіне табан тіреді. Сол жерде аталмыш кенттен бөлек, Прудхоз, Ново-Явленка және 28 шағын аудан тұрғындарымен кездесті.

Мектептегі акт залына жиналғандардың қарасы аз болған жоқ. Көбі – Шығыс кентінде тұратындар. Қордаланып қалған мәселелерін бұқара ашық айтты. «Қордаланып» деп отырғанымыз кент қала басшылығының назарынан тыс қалғандай. Себебі тұрғындар бұрынғы әкімнің мұнда 6 жылда 1 рет қана ат ізін салғанын айтты. 

- Шығыс кентіне ауыл мәртебесі берілмегендіктен мектептегі мұғалімдерге үстемеақы қарастырылмаған. Одан соң амбулаториялық пунктте дәрігер жоқ. Балабақшаға апаратын жол қардан тазаланбайды. Соның салдарынан таңертең көліктер жүре алмай, балаларды жаяу тасып жүреміз, - дейді жергілікті жұрт. 

Алмат Ақышов әр сауалға жауап берді. 

- Шығыс кентін Ново-Явленка ауылына қосып, ауыл мәртебесін беруге болады. Сонда мәселе шешіледі. Мен осы туралы ШҚО Білім басқармасының басшысына айтып, «егер солай істесек, заң бойынша ондағы мұғалімдер үстемеақы ала ала ма?» деп сұрадым. Ол «иә. Қағаз жұмыстары аяқталған соң үстемеақы төлеу жағы оңай шешіледі» деп жауап берді. Дәрігер жоқтығына қатысты айтар болсақ, ең әуелі кентке келетін медициналық мамандарды табу қажет. Әкімдік ол дәрігерді баспанамен қамтуға дайын, - деп жауап берді әкім. 

Сондай-ақ ол өз сөзінде кенттегі жолға жауапты мердігермен сөйлесіп, балабақшаға апаратын жолды қардан тазалатып отыратындығын айтты. 

- Алдағы уақытта Шығыс кентінде жылу қазандығы салынуы мүмкін. Қазір осыған қатысты талқылау жүріп жатыр. Бұл көмір жағатын жер үйлерді азайтып, қаланың экологиялық жағдайын жақсарту үшін де маңызды, - дейді Алмат Ақышов.

Бұдан бөлек, кездесу барысында жол жөндеу, су құбырын тарту, ортақ кәріз жүйесін қосу мәселелері де сөз етілді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият

Қалаға хат 3-02-2025, 10:55

Жұлдыз жорамал

{calendar}