Өскемен қаласының әкімдігі берген ақпаратқа сүйенсек, кейбір қала тұрғындары 2006 жылдан бері кезекте тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Біраз уақыт бұрын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев тұрғын үй кезегінде тұрғандардың тізімінің қолжетімді болуын тапсырған еді. Жыл басында аталған тізім Өскемен әкімдігінің сайтында қайта жарияланды.
Тізімдер санатқа байланысты әртүрлі жіктелген. Мысалы, баспанасы апаттық жағдайда деп танылған ҚР азаматтарының тізімінде 121 шығысқазақстандық бар. Бұл азаматтардың алғашқысы 2010 жылы кезекте тұрғаны анықталды. Жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тізімінде 2119 адам бар. Олардың алғашқысы 2006 жылы кезекке тұрған.
Пікірлер