A+ A A-

talgatzhan 45 5-02-2025, 14:35 0

Өскеменде ипподром салынады

Өскемен / Бүгін

Қала сыртындағы Прудхоз ауылының маңында жаңа атшабар салынбақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ипподром құрылысының жобасы нақтыланып, мердігер анықталды. Белгілі болғандай, нысанның құны 1 млрд 450 млн теңгеге бағаланған.
- Бұрын қалада ипподром болған,
ал қазір ұлттық ат спорты түрлерімен айналысатын жер жоқ. Ат спорты күннен күнге дамып, жылқы малына  қызығушылық танытатын жандар қала ішінен де шығып жатыр. Бұл тек спортты дәріптеуге ғана емес, иппотерапияға да арналған орын болмақ. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қала сыртында ипподром салынады. Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары биыл басталады және жыл соңына дейін қолданысқа беруді көздеп отырмыз - деді қала әкімі Алмат Ақышов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив