Осы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл жолы Жібек жолы даңғылы, 44 мекенжайында өтетін жәрмеңкеде Алтай ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынбақ.
Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, ұн, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланады.
Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни ақпан айының 8-і күні таңертең сағат 8:00-де басталады.
Пікірлер