Биыл қаладағы субұрқақтарды жөндеп, күтіп ұстайтын мердігер іздестірілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабарлады. Тендер талабы бойынша мердігер облыс орталығындағы субұрқақтардың жұмыс істеп тұруын толықтай қамтамасыз етуі керек. Қаладағы субұрқақатар мыналар: «АДК» сауда үйіндегі, Арбаттағы 2 субұрбақ, орталық мәдениет үйінің жанында және әуежайдағы, Гагарин бульварындағы және Халифа Алтай мешітінің алдындағы, Пермитин көшесіндегі революционерлерге арналған ескерткіште және сол көшедегі Амфитеатр маңындағы, «Чайка» дүкенінің қасындағы, Лихарев көшесіндегі, «Өскемен» қонақ үйінің жанындағы, Республика алаңында орналасқан 3 субұрбақ, С.Нұрмағамбетов саябағындағы 4 субұрбақ және Астана көшесіндегі жағалауда орналасқан 2 субұрқақ.
— Субұрқақтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар келісімшарт жасалған сәттен бастап, яғни 2025 жылдың 25 қазанына дейін жүргізіледі. Ал қаладағы субұрқақтар 2025 жылдың 1 мамыры мен 25 қазаны аралығында жұмыс істейді, — делінген қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі берген ақпаратта.
Фотосурет: yk-news.kz
Пікірлер