A+ A A-

talgatzhan 34 18-02-2025, 16:55 0

Өскемен автобустарында "ONAY" жүйесінің валидаторлары орнатыла бастады

Өскемен / Бүгін

Облыс орталығындағы қоғамдық көліктерде электрондық билеттеудің жаңа жүйесі наурыз айында іске қосылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала тұрғындары кейбір автобустарда жаңа валидаторлар пайда болғанын байқады. Жаңа жабдықты орнату "ОNAY" жүйесін жоспарлы енгізумен байланысты.
Жолаушылар жолақысын "ОNAY" картасы арқылы валидатор құралымен төлей алады. Сондай-ақ жаңа жүйеде арнайы телефон бағдарламасы бар. "ОNAY" бағдарламасына ақша аударып, ұялы телефоныңыз арқылы төлем жасауға да болады. Бірақ бұрынғыдай банк карталарының QR кодтары болмайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив