A+ A A-

talgatzhan 33 19-02-2025, 15:50 0

Өскеменде жасырын патрульдеу жұмыстары жүруде

Өскемен / Бүгін

Қалада көлік қозғалысын жасырын патрульдеуге арналған 1 көлік бақылап жүр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті жасырын патрульдеу мақсатында арнайы белгісі жоқ полиция көлігін іске қосқанын айтты. Көлікте жол ережесін бұзғандарды тіркейтін автоматты жүйе орнатылған.

Департамент өкілдерінің айтуынша, жасырын патрульдеу қаладағы жол қаусіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, көлік жүргізу мәдениетін қалыптастырады.

Осы уақытқа дейін Өскемен қаласында жасырын патруль жылдамдықтың артуын ғана тіркеген.

Фотосурет: ШҚО ПД

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив