A+ A A-

talgatzhan 38 21-02-2025, 15:45 0

Өскеменде жәрмеңке өтеді

Өскемен / Бүгін

Осы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл жолы Жібек жолы даңғылы, 44 мекенжайында өтетін жәрмеңкеде Өскеменнің және облыс орталығына жақын аудандардың кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынбақ. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт,ұн өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланады. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни ақпан айының 22-і күні таңертең сағат 8:00-де басталады.  

Фотосурет редакция мұрағатынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив