A+ A A-

talgatzhan 35 25-02-2025, 16:00 0

Өскемендіктер таза ауа жұтпағалы айдан асты

Өскемен / Бүгін / Өзекті мәселе

Жыл басынан бері облыс орталығында қолайсыз метеожағдай тіркелгеніне бүгін 31 күн болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

18 ақпаннан бастап қала тұрғындары күн сайын екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар туралы хабарлама алуда. Қала көк түтінге оранған, тіпті соның салдарынан тұрғындардың біршамасы «тамағым ауырып, жөтел қысуда» деп шағымданған.
- Қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар 31 күн ішінде жарияланды (4-нен 7-не дейін, 11-нен 15-не дейін, 24-нен 29 қаңтарға дейін, 3-нен 4-не дейін, 6-нан 10-на дейін, 18-нен 26 ақпанға дейін). Атмосфераның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін желсіз ауа райы мен тұман тіркелді, - деп хабарлады ШҚО Экология департаментіндегілер.
Экологтар атап өткендей, Өскеменде ауаның ластануы бірнеше факторларға байланысты: өнеркәсіптік кәсіпорындар, пешпен жылыту және көлік санының артуы.
- Қазіргі уақытта департамент мамандары прокуратурамен бірлесіп, өнеркәсіптік кәсіпорындарда және ЖЭО-да экологиялық нормалар мен талаптардың сақталуына тексеру жүргізуде. Тексерулердің аяқталу мерзімі - 4-наурыз және 10-сәуір. Тексеру нәтижелері қосымша хабарланатын болады, - деп түсіндірді басқармадан.

Фотосурет редакция мұрағатынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив