Облыс орталығында 5 көлік бір-бірімен соқтығысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, жол-көлік оқиғасы Сәтбаев даңғылында болған.
- Алдын ала мәліметтер бойынша, Lada 21725 жүргізушісі келесі жолақта келе жатқан Lada 21703 автокөлігіне кедергі жасаған. Нәтижесінде LADA 21703 көлігі Lexus маркалы автокөлігімен соқтығысты. Нәтижесінде тағы екі көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ. LADA 21725 жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер