Жол-көлік оқиғасы Қазақтан және Мызы көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, "Toyota Windom" маркалы автокөлігін басқарған 44 жастағы жүргізуші Қазақстан мен Мызы көшелерінің қиылысында солға бұрыларда "Renault Sandero" маркалы көлігіне жол бермеген. Нәтижесінде екі көлік соқтығысты.
- "Toyota Windom" маркалы автокөлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды. Абырой болғанда жол апатынан зардап шеккендер жоқ, - деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер