A+ A A-

talgatzhan 40 9-10-2024, 17:43 0

Өскемен тұрғыны ветеринарлық дәріханада жанжал шығарды

Өскемен / Қылмыс

Осыдан екі күн бұрын облыс орталығындағы ветеринарлық дәріхалардың біріне түнделетіп келген ер адамның қолында суық қару болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл ақпаратты «ZOOVITA» ветеринарлық дәріханасы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Тіпті, оқиғаның қалай болғаны бейнежазбаға түсіп қалған.

- Ер адамнан ішімдіктің иісі мүңкіп тұрды, сатушыға да айқайлай жөнелді. Шарасыздықтан біз клиенттің айтқандарына құлақ аспауға мәжбүр болдық. Жанжал шығарған адамның жанында әйел адам тұрған. Ол өз жануарын алды да, оқиға орнынан тез кетіп қалды, - деді ветеринарлық клиника мамандары.

Бейнежазбада ер адам қалтасынан тапаншаға ұқсас қаруды алып шығады. Ерасыл атты клиника менеджері оны дер кезінде тоқтатып, екеуі жаға жыртысады. Сол кезде тапанша жерге түсіп кетіп, сатушы қыз оны дереу бүлікшіден жасырып қояды. Ветеринарлық клиника өкілдерінің мәліметінше, төрт минуттан кейін полиция қызметкері келіп, шатақ шығарған адамды бөлімшеге алып кетті. ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 34 жастағы қала тұрғыны қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін жауапқа тартылған. Енді ол 5 АЕК (18460 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді.

 - Қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Нәтиже дайын болғаннан кейін іс сотта қаралады, - деп толықтырды ПД мамандары.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив