A+ A A-

talgatzhan 48 Бүгін, 14:10 0

Өндірістегі жарақат Өскемен мен Риддерде жиілеп тұр

Өскемен / Бүгін / Риддер

Былтыр облыс кәсіпорындарында 128 жазатайым оқиға тіркеліп, 143 адам зардап шекті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жалпы, көз жұмғандар саны 17,6 %-ға төмендеп, 14 адамды құраған көрінеді. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Кизатовтың айтуынша, зардап шеккендердің басым бөлігі тау-кен металлургия саласы мен бюджеттік ұйымдардың үлесіне тиесілі. – Өндірістік жарақаттанудың негізгі себептері – жұмыстарды ұйымдастырудың қанағаттанарлықсыз деңгейі (36 %), қызметкерлердің өрескел абайсыздығы (34 %) және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы (11 %), – деді Қизатов.

Ең көп оқиға Өскемен мен Риддер қалаларында тіркелген.

Жыл ішінде 402 тексеру жүргізіліп, 512 заңбұзушылық анықталды, олардың 78 %-ы жойылды. 123 қылмыстық іс қозғалып, бес лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Қаза болғандардың отбасыларына 88,8 млн теңге көлемінде өтемақы төленді.

– Оң динамика биылғы жылдың басында да байқалады: 2026 жылдың қаңтар айында өңірде өндірісте өлім жағдайлары тіркелмеді, ал жарақаттану деңгейі тағы 12,5 %-ға төмендеді, – делінген ақпаратта.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив