A+ A A-

talgatzhan 40 28-11-2024, 10:32 0

Риддер қаласының экономикалық дамуына 119,1 миллиард теңге бөлінеді

Риддер / Бүгін

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов іссапармен Риддер қаласына барып, халықпен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Мәдениет сарайындағы есеп беруге қала әкімі Думан Рахметқалиев, жауапты басқарма өкілдері мен тұрғындар қатысты. Кездесуде қаланың бүгінгі даму көрсеткіштері талқыланды. 
- Риддер - облыстағы жақсы дамып келе жатқан қалалардың бірі. Биыл қысқа мерзімдегі экономикалық индикатор 106,5%-ға жетті. Қазіргі таңда қала бюджеті 20,2 миллиард теңгені құрап отыр. 2024-2029 жылдар аралығында экономикалық дамуға арналған жобаларды ұйымдастыру үшін 119,1 миллиард теңге бөлінбек. Оның ішінде 49 миллиард теңге бюджет есебінен қарастырылады, - деді ол. 
Сондай-ақ Нұрымбет Сақтағанов туризм мен жол мәселелеріне де тоқталды. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив