444.3 490.91 5.41
A+ A A-

Риддер жылу орталығында қазандықтар іске қосылып жатыр

Риддер жылу орталығында қазандықтар іске қосылып жатыр [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында қазандықтар іске қосылып жатыр , деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жылу электр орталығында жылыту маусымына дайындық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.


ЖЭО-дағы қазандықтардың бірі жағылған. 


«Қазіргі уақытта № 3 қазандық іске қосылды. 20 қыркүйекке дейін № 6 қазандық та қосылады деп жоспарланып отыр. Сол күні көпқабатты үйлерге ыстық су беріледі», — дейді Риддер қаласының әкімі Думан Рахметқалиев.


Еске салсақ, 2024-2025 жылғы жылыту маусымына дайындық шеңберінде Риддер ЖЭО-да негізгі және қосалқы жабдықтарды, жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілгенін  хабарлаған едік. 


Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив