A+ A A-

talgatzhan 66 11-11-2024, 10:30 0

Самар ауданында 270-тен астам адам баспана кезегінде тұр

Самар / ШҚО / Бүгін

Облыстағы «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы әр ауданда әр уақытта басталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қайта құрылғанына көп болмаған ауданда аталған бағдарлама биыл қолға алынды. Баспаналар республикалық және облыстық бюджет есебінен бой көтеріп жатыр. Қауырт жұмыс тәмам болса, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтің осал топтары қоныс тойын тойламақ. 
– Баспана салу шешімі елдімекендерде бос жерлер мен инфрақұрылымның болуына байланысты үй кезегінде тұрған азаматтардың саны негізінде қабылданады. Осы жылы алты үйдің құрылысы басталған болатын. Жыл соңына дейін тұрғын үй пайдалануға беріледі, - деді аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Сахметжанов.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, баспана салу оффтейк-келісімшарт негізінде жеке мердігерлер арқылы жүзеге асады. Олардың ауданда тіркеуде тұрулары міндетті емес. 
– Үйлердің сапасы «Шығыс Қазақстан облысының сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан тексеріледі. Салынып жатқан үйлер 3 бөлмеден тұрады. Бүгінде берілген баспаналардың сапасы бойынша арыз-шағымдар жоқ, – деді Бауыржан Алтайұлы.
Анықталғандай, Самар ауданы бойынша барлығы 277 адам үй кезегінде тұр. Көбінде Самар ауылы халқынан баспанаға мұқтаждық байқалады. Бір есептен, мұнда халық саны көп, әр салаға мамандар да біртіндеп келіп жатыр. Әкімдік өкілдері жыл біткенше әу баста айтылған алты үйді қолданысқа беруді жоспарлап отыр.

Фотосурет Semeynews.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив