A+ A A-

talgatzhan 46 26-11-2024, 09:50 0

Екі адам «Самар ауданының Құрметті азаматы» атанды

Самар / Бүгін

Ресми ақпарат аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлғалар мәліметінше, марапат алғандар – аудан дамуына өз үлестерін қосқан жандар. Олардың қатарында мемлекеттік қызметте еңбегі сіңген ардагер Ахмет Күдербаев, «Батраков» шаруа қожалығының басшысы Владимир Батраков бар.
– «Самар ауданының Құрметті азаматы» атанған азаматтарға арнайы куәліктер мен төсбелгілерді аудан әкімінің міндетін атқарушы Жасұлан Майкенев пен аудандық мәслихат төрағасы Гульнар Шаймарданова салтанатты түрде табыс етті, – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар Жасұлан Майкенев аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы қызметін атқарып келген Айнұр Сагимбаеваға басқа қызметке ауысуына байланысты жұмысына сәттілік тілеп, естелік сыйлық табыс етті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив